Домбыра-ежелгі дәуірден бері келе жатқан қазақ халқының қасиетті аспабы. Қасиетті домбыра әрқашан ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып беріліп отырды. Қазақтар бұл музыкалық аспапты ғасырлар шежіресін түсірген тұмар деп санайды. Қазіргі тілмен айтқанда, бұл біздің ұлттық брендіміз", - деді Президент.іміз Қасым-Жомарт Тоқаев. Біздің халқымыз күй арқылы өздерінің қуаныштары мен қайғыларын, армандары мен үміттерін жеткізді. Мемлекет басшысы домбыра дыбыстарынан шабыттанбайтын қазақтар жоқ екенін, ал бұл аспаптың әуені біздің отандастарымыз өмір сүретін барлық жерде естілетінін атап өтті. Президент дамыған мәдениеті бар ұлттың рухы әрқашан жоғары болады деп санайды. Сондықтан өскелең ұрпақ осы қасиетті өнердің дәстүрлерін лайықты түрде жалғастыруы керек. Мемлекет басшысының бастамасын қолдай отырып, біздің мектепте домбыра үйірмесін аштық. Балалар оған үлкен қуанышпен барады. Домбыра бойынша оқытушы Қазақ мемлекеттік филормониясының әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Раушан Жұмаханова Борангазиева. Мұндай сабақтар сүйікті халық аспабына деген сүйіспеншілікті ғана емес, сонымен қатар балалардың есте сақтау қабілетін, қиялын, ойлауын дамытады.

          

Меню сайта