Неліктен бейнелеу өнері баланың өмірінде маңызды?

Неліктен бейнелеу өнері баланың өмірінде маңызды?

Бейнелеу өнері сабағына келген балалар өздерін жандандырады, еркін және бақытты сезінеді. Біздің мектептің жас ұстаздарының бірі - Фатима Ерланқызы Тұғұмова балалармен жұмыс істеу үшін жаралған. Оның сабақтары әрқашан қызықты. Сабақта балалар қоршаған әлем мен табиғат туралы көп нәрсені біледі. Фатима Ерланқызы сабақты үнемі қызықты өткізуге тырысады. Мұғалім балалардың шығармашылығын дамытуға көмектеседі, сұлулықты көруге және креативті болуға үйретеді. Фатима Ерланқызы өз сабақтарында әлемді басқаша - жарқын, түрлі-түсті, қайталанбастай етіп көруге үйретеді. Сондықтан да оқушылар өз мұғалімдерін құрметтейді және бағалайды!

        

Меню сайта