«Менің отбасымның бақытты сәттері» атты челлендж
10 сентябрь, 2024
Біздің мектепте «Менің отбасымның бақытты сәттері» атты қызықты челлендж өтті. Оқушылар өз отбасылары туралы бейнероликтер жасап, бөлісті. Бұл шараның негізгі мақсаты – балалардың санасында отбасылық құндылықтарды нығайту және отбасының маңыздылығын түсіну болды. Ең үздік жұмыстар мектеп дипломдарымен марапатталды. Бұл жоба қатысушылар мен олардың жақындарына жақынырақ болуға және жылы естеліктерімен бөлісуге мүмкіндік берді.