Біз туралы
"COSMO" жекеменшік мектебі - бастауыш білім берудің мемлекеттік аккредитациясынан өткен, жеке лицензиясы бар білім беру мекемесі.
"COSMO" мектебінің өз алдына жеке аумағы мен ғимараты бар, заманауи материалдық-техникалық базаға және оқыту құралдарына ие.
"COSMO" мектебінде оқыту қазақ орыс тілінде жүргізіледі.
Мектепте оқу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әр сыныпта 16 оқушыға дейін оқиды.
«COSMO» шығармашылыққа шабыттандырады !
Біздің мектеп көшбасшылық пен шығармашылықты дамытады.
Шығармашылық - бұл өнер. Шығармашылық оқуға көмектеседі. Ол миды дамытып, қиын мәселенің шешімін табуға көмектеседі, Мұның бәрі мектеп істерінде пайдалы.
Мектепте әртүрлі үйірмелер мен секциялар бар: робототехника, актерлік шеберлік, шешендік өнер, шахмат, вокал, English Speaking Club (ағылшын тілі), бейнелеу өнері.
Қосымша сабақтар (үйірмелер) оқу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қосымша үйірмелер сабақ кестесіне бекітілген және барлық балалар үйірмелерге қатыса алады.
Мектепте оқушылар білім алып қана қоймай шахмат ойнауды үйренеді, олимпиадаларға қатысады, шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатысады. Мектепалды тобынан бастап балалар робототехника негіздерін үйренеді, құрастыруды, логикалық ойлауды және командада жұмыс істеуді үйренеді.
Мектепте үй тапсырмасын орындай отырып, ұзартылған күн топтарының жұмысы ұйымдастырылған.
3 мезгіл тамақтану бар.
"COSMO" мектебінің мақтанышы - тұрақты педагогикалық ұжым.
" COSMO " мектебінің мақсаттары мен міндеттері :
Мектептің мақсаты - терең және берік білім беру. Оқушыларды жан-жақты дамыту және заманауи білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Мектептің қызметінің негізгі бағыттары:
- Оқушылардың білімге және оқыту формаларына қызығушылықтарын арттыру;
- Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту;
- Оқушыларды мемлекеттік стандарттарға сай жоғарғы сапалы білім берумен қамтамасыз ету және алған білімдерін өмірде жүзеге асыра білуге үйрету;
- Оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасау, шығармашылық пен танымдарын дамыту;
- Өзін-өзі бағалай білуге, алған білімін өмірде тиімді қолдана білуге үйрету.