Абайдың дана үні – жаңа ұрпақтың жүрегінде

Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы – халқымыз үшін үлкен мереке. Абайдың асыл мұрасы – оның өлеңдері мен қара сөздері – тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақ рухани байлық болып қала бермек. Ол әділдікке, білімге, еңбекке, адамгершілікке шақырды.

Бүгінгі ұрпақ та Абайдың даналығын жүрекпен сезініп, оның өнегесін жалғастыруда. Біздің оқушылар ұлы ойшылдың алтын сөздерін жеткізіп, болашаққа аманат етіп отыр. Балалардың жүрегінен шыққан үн – Абайдың мәңгілік мұрасының жалғасы, оның рухы мен үні жаңа заманда да жаңғырып тұр.

Абай сөзі – халықтың қазынасы, ұрпақтың жолын нұрлантатын шамшырақ. Білімге құштарлық, ізгілік пен әділдікке ұмтылу – бүгінгі жас буын үшін ең басты құндылықтар.

Ұлы ойшылдың үні әрқашан жаңа ұрпақтың жүрегінде жаңғырып, олардың рухани әлемін байытып, өмір жолына бағыт-бағдар берсін!

            

Меню сайта